Қоғам

Аңшылық маусымы қыркүйектің жетісінде ашылады

Күздің алғашқы күнінен 1 ай көлемінде суда жүзетін құстарды атып алуға рұқсат етіледі. Ол уақытта өзен-көлдердегі жабайы қаз-үйрекке тұзақ құруға болады. Өзгелерін атуға тиым салынады. Және саятшылық құрам деушілердің қажетті құжаттарының да болуы міндетті.

Тек аталған құжаттар ғана емес, атып алынған аңның өзіне де рұқсат қағазы болуы шарт. Онда саятшының қанша жабайы қаз-үйректі аулауына болатыны жазылады. Егер де тиісті құжаттар болмаса, 5-айлық есептік көрсеткіштен жоғарғы айыппұл қарастырылған. Дей тұрғанмен биыл заңды елемегендер де бар болып шықты.

Ал, аңшылық ережелері бұрынғысынша. Ешқандай өзгеріс жоқ. Күзгі-қысқы маусым аяқталғаннан кейін, саятшылық құрғандар 10 күннің ішінде облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық инспекциясына аң аулау маумысының нәтижесі жайында ақпарат ұсынулары қажет.

 

 

Бану Ахметова