Қоғам

Ұстаздар Ата заңның негізгі қағидаларын талқылады

 

 

Конституция мемлекетіміздің тарихи және қоғамдық дамуының негізі ретінде танылған. Бүгіндері еліміздің экономикасы өрлеп, жылдан жылға қарыштап дамып келеді. Халықаралық аренадағы беделіміздің де арта түсуі – Негізгі заңымыздың сарқылмас мазмұнының дәлелі. Десе де дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін ең алдымен халқымыздың құқықтық сауаттылығы жоғары болу керек дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Құқықтық пәндер» кафедрасының доценті  Гүлбақша Мұсабаева.

 

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

-Құқықтық сауаттылықты арттыру қажет. Барлық 98 бабын білу керек. Сонда ғана еліміздің адамдары өз заңдарын біліп, сақтауға тырысады.

 

Тарих пәнінің мұғалімі Айгерім Уәлиева «Конституция-кеше мен болашақтың берік негізі» атты баяндама дайындаған. Онда тарих пәнінің ұстазы негізінен өз саласына қатысты Заңның аспектілерін қарастырған.

 

Айгерім Уәлиева, №20 орта мектебінің мұғалімі:

– Ұстаз ретінде негізінен білім саласына қатысты заңның баптарын қарастырдым. Бүгіндері жастар тегін білім алып, өз мүмкіндіктерін көрсете алады.

 

Кездесу соңында педагогтар құқықтық сауаттылықты арттыру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

 

 

Мағжан Ахмадина