Қоғам

Погодин атындағы театрда Ата Заңға арналған жиын өтті

 

Ата Заң – бейбітшіліктің кепілі және тұрақтылықтың белгісі. Ол Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің тең құқылы екенін айқындайды. Ал, бұл көпұлтты мемлекет үшін аса маңызды дейді елімізге еңбегі сіңген әртіс, Петропавлдың құрметті азаматы Виктор Шалаев.

 

Виктор Шалаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Біз осыдан 18 жыл бұрын қабылданған Конституция аясында өмір сүріп жатырмыз. Ата Заңы жоқ мемлекетті елестету мүмкін емес. Біз еліміздің басты құжатын құрметтеп, оның принциптерімен өмір сүруіміз керек. Және татулығымызды мақтан тұту қажет.

 

18 жыл бұрын Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстан аяғына нық тұрып, дами бастады. Бүгінгі күні Президентіміз Н.Назарбаевты бүкіл әлем таниды және қазақ елінің аз уақыттың ішінде жеткен жетістіктерінен де хабардар.

 

Надежда Косыгина, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

-Ата Заң бекітілген күннен бастап Қазақстанда өзге ұлт өкілдері тең дәрежеде өмір сүруге құқылы болды. Және әрқайсысымызды еліміздің патриоты болуға тәрбиеледі. Елбасының көрегенділігінің арқасында біздің саладағы көп азаматтар танымал болды. Солардың арасында мен де бармын. Мен Қазақстанда туып өстім. Егеменді елімді мақтан етемін.

 

Надежда Косыгина “Қазақстан” туралы әнді бірнеше жыл бұрын жазған екен. Ол бүгін әріптестеріне оны сыйлық ретінде шырқады. Қазақстанның экономикалық дамуымен бірге халықтың да әл-ауқаты өсіп келеді.

Азаматтардың білім алып, жұмыс істеуіне және шығармашылықпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Бүгінде Н.Погодин атындағы орыс-драма театрында 100-ден астам адам еңбек етеді. Оның 34-і – театр труппасы.

 

 

Бану Ахметова