Спорт

Петропавлда шағын футболдан турнир өтті

 

Қазір үздік үштікке ілігу үшін сот актілерін орындау жөніндегі департамент пен Петропавл қаласы әкімдігінің құрамасы жанын салып ойнауда. Сот орындаушылары осыған дейінгі кездесуделердің бірінде жеңіске жетсе, екіншісінде ұтылып қалған.

 

Самат Оспанов, СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің сот орындаушысы:

-Біз кеше статистика департаментінің өкілдерінен басым түсіп, прокурорлардан жеңілдік. Ал, мәдениет басқармасының командасымен тең түстік. Бүгін енді 3-ші орынға дәмеліміз.

 

Одан кейін алаңға экология департаменті мен облыстық прокуратураның қызметкерлері шығады. Осы екі құрама арасындағы финалдық ойын тартысты өткелі отыр. Өйткені, соңғысының ойыншылары бұрыннан бері жаттығып жүр, әрі әр түрлі сайыстарға қатысып әбден шыңдалған.

 

Қуандық Хамзенов, СҚО экология департаментінің қызметкері:

-Алдыңғы ойында қала әкімдігінің құрамасымен ойнау қиынға түскенімен, сәтті аяқталды. Дайындықтары жақсы екен. Ойламаған жерде финалға шықтық. Бүгін де кездесетін қарсыластарымыз осал емес.

 

Жандос Әміров, Тимирязев ауданының прокуроры:

1-ші күні қарсыластарымыз қаржы полицейлері болды. Одан кейін ұлттық қауіпсіздік департаментін 4/3 ұтты. Кеше топтан шығып сот орындаушылар департаментінің қызметкерлерімен ойнап, оларды да 2-1 есебімен жеңдік. Көп ұзамай мәдениет бөлімінің құрамасын да 4-1 есебімен кеше ойсырата жеңіп, енді міне финалдық ойында экология департаменті.

 

Шағын футболдан ақтық ойынға ұзын саны 16 команда шығады. Әрбіреуінің құрамында 10 ойыншыдан. Олар бұл жеңісін Конституция күніне арнамақ.

 

Жарыстың қорытындысы бойынша қола жүлдені қала әкімдігінің өкілдері алды. Күміс алқаға эколог мамандар ие болды. Ал облыстық прокуратура құрамасы бәрінен мықты болып шықты.

 

 

Берік Қасен