Қайырымдылық

«Мектепке жол»

 

Екінші орта мектепте сыйлыққа 39 оқушы ие болды. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға спорттық киім, кеңсе тауарлары мен сөмке табыс етілді.

 

Анар Мұхаметғалиева, №2 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

– Мектептің атынан оларға 60 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Сонымен қатар, дәмханалардың бірінде балаларға арнап дастархан жайдық. Оқушыларға кеңсе тауарлары сонда берілді. Шараны ұйымдастыруға кәсіпкерлер де көмектесті.

 

Светлана Мукова 9 жасар баланы өз жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, керек- жарағын уақытында сатып алуға шамам жете бермейді. Сол себепті, мұндай акцияның көмегі зор дейді ол.

Бүгін мектепке қажетті құрал-жабдықтарды №20 орта мектептің 17 оқушысы да алды. Мұнда әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 46 бала оқиды екен. Оларға материалдық көмек көрсету үшін жалпы оқыту қорының есебінен 125 мың теңге бөлінген екен. Ал, оқушылар өз кезегінде мұндай қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, сабақтарын жақсы оқуға уәде берді.

 

 

Бану Ахметова