Бизнес және экономика

«Атамекен» кәсіпкерлерге көмек көрсетуде

 

“Атамекен” Одағы” ұлттық экономикалық палатасының жергілікті филиалының сенім телефонына күніне 15 қоңырауға дейін келіп түседі. 36-11-06 және 50-29-79 телефон нөмірі бойынша маман Руслан Аитов кеңес береді.

 

Руслан Аитов, “Атамекен” Одағы ” ҚҰЭП СҚФ директорының орынбасары:

-Бірде Мамлют ауданының кәсіпкері құқығының қорғалуын сұрап келді. Мәселе сот тәртібімен шешілді. Салық органынан шыққан қаулының күші жойылды.

 

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ мен “Атамекен” Одағының” арасында өзара ынтымақтастық жөнінде келісім-шарт жасалғаннан кейін кәсіпкерлерге қордаланып қалған мәселелерді шешуге көмектесу ыңғайлы болды дейді бірлестік өкілдері. Бастысы – делдалдарға жүгінеміз деп шығындалғаннан гөрі аталған ұйымға келгені тиімдірек. Айта кету керек, энергиямен қамтудағы мәселелер жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы қыркүйектің 3-і облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында өтеді. Жиынға қатысамын дегендерге есік ашық.

 

Елена Виссарова , “Атамекен” Одағы ” ҚҰЭП СҚФ директоры:

-Менің кәсіпкерлер қауымына айтарым: келесі мәселеге кезіксеңіз бізге келіңіз. Көмектесуге тырысамыз. Бизнес жүргізу бойынша заң аясында кәсіби кеңестер беріледі. Сондай-ақ, филиалда әр бейсенбі сайын қоғамдық қабылдау жұмыс істейді.

 

“Атамекен” Одағының” жергілікті филиалына энергиямен қамтуға байланысты мәселелерімен жыл басынан 30 кәсіпкер келген. Олардың барлығы оңтайлы шешімін тапты.

 

 

Данаш Хамзина