Қоғам

Облыстық кітапханада Ата заңның 18 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті


Дөңгелек үстелге жиналғандар мемлекеттің басты заңы – Конституцияның тармақтарын талқылаудан бастады. Ата Заңымыздың бірінші бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары делінген. Жиынға қатысушылар мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара жауапкершілік жайында сөз өрбітті. Және әрқайсысы дайындап келген баяндамаларын оқыды.

Динара Мақсұтова, “СҚО студенттер альянсы” қоғамдық ұйымының төрайымы:
– Баяндамамның тақырыбы “Конституция бойынша өмір сүрудің артықшылықтары мен ерекшелігі” болып табылады. Жалпы менің ойымша, Конституция бойынша өмір сүру демократияның ең жоғарғы дәрежесіне жету деп ойлаймын.Сол себепті де біз өзіміздің Ата заңымызды біліп, құрметтеп, оның принциптерін сақтайтын болсақ және келешек ұрпаққа қалдыратын болсақ, үлкен із болар еді.

Жиынға сот органдары мен білім саласының өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы Дильбара Бегалина өз баяндамасында ата-бабамыз сүйенген заңдар жиынтығы мен қазіргі Конституцияны салыстыра отырып, сабақтастық жайын әңгімеледі.

Дильбара Бегалина, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы:
-Баяндамамның негізгі мақсаты конституцияның жалпы даму тарихы, ежелден ата-бабаларымыз хандық кезеңнен бастап белгілікті заңдармен, ата заңмен өмір сүйрген. Қасым ханның “Қасқа жолы”, Есім ханның “Ескі жолы”, Тәуке ханның “Жеті жарғысы”. Бұлар ежелгі қазақ хандығының негізін құраған заңдар болып есептелінеді. Қазіргі біздің Конституциямыздың ерекшелігі бұл демократиялық яғни, құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізін бекітеді.

Еліміздің әрбір азаматының өмір сүруіне, білім қуып, еңбектенуіне барлық жағдайлар бар. Бұған Конституция кепіл бола алады дейді жиынға қатысушылар.

Бану Ахметова