Білім

Мұғалімдерге арналған әдістемелік шеберлік сағаттары

“Қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектептерінде” деп аталатын секцияда өз ісінің майталмандары ауданнан келген әріптестерімен тәжірибе бөлісуде. Тыңдаушы тіл мамандарының арасында Айгерім Қайданова да бар. Ол осыған дейін де іс-тәжірибесі мол мұғалімдердің шеберлік сабақтарына қатысыпты. Бірақ, облыстық деңгейдегі шарада бірінші рет.

Әйгерім Қайданова, Бидайық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Уәлиханов ауданы:
-Мен осы біліктілікті арттыру курстарының 3-ші деңгейі бойынша білімімді шыңдадым. Осы курстың маған әкелген пайдасы зор. Өзімнің іс-тәжірибеме осы жаңа оқу жылынан көптеген өзгерістер енгізетін болып отырмын.

Аталған курс мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттырады дейді ұйымдастырушылар.

Гүлзат Әлжанова, СҚО бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты деңгейлік бағдарламалар орталығының жаттықтырушысы:
– Мұғалімдер бүгін 3 әдістеме: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру, сыныпта диалогты оқыту әдістемесін және формативті бағалаудың әдістемесін игермек. Кейін ұстаздар оқушыларға сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, оқушылармен емін-еркін жұмыс істейді, Және оқушылар іздену барысында өз білімдерін өздері толықтыра алады. Соның арқасында бір-бірімен пікір алмасады, диалог орнайды, дискуссия құрады
.

 

 

 

Бүгінгі іс-шараға 200-ден астам мұғалім қатысты. Барлығы – 12 секция. Әрбір пән бойынша 60-қа жуық шеберлік сабағы көрсетіледі.

Берік Қасен