Қоғам

Алғашқы жеке құжат

Тамыздың 30-ы еліміз ҚР Конституциясы күнін атап өтеді. Осыған орай әділет басқармасында салтанатты шара ұйымдастырылды. Дүние есігін енді ашқан Ангелина Қасымоваға алғашқы құжаты тапсырылды. Ол – сәбидің тууы туралы куәлігі.

Әсемгүл Баукенова, Петропавл қалалық әділет басқармасының бас маманы:
-Әр сәби несібесін ала келеді. Үй сонда ырысқа, бақытқа толады. Ангелина ата-анасының мақтанышы, Қазақстанның лайықты азаматы болып өсетініне сенімдіміз.

Ангелинаның ҚР азаматшасы атанғанына 2 апта болыпты. Қасымовтар жанұясында бұл – 4-ші бала. Қуаныш иелерінің отасқандарына 6 жыл толған.

Наталья Қасымова
, Ангелинаның анасы:
Бала өмірдің гүлі ғой. Мереке қарсаңында қызымызға туу туралы куәлігі салтанатты түрде табысталғанына қуаныштымыз.

Сергей Қасымов, Ангелинаның әкесі:
– Кішкентайларымның көп болғанын қалаймын. Өзімді бақытты жанұя құрдым деп есептеймін.

Жаңа туған сәбилерге мерекелік шара ұйымдастыруды әділет басқармасындағылар жақсы дәстүрге айналдырған.

 

 

Жеңіс Ермұқанов