Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясында Конституция күніне арналған жиын өтті

 

 

1995 жылы Ата Заңның Бүкілхалықтық референдумда қабылдануына 3 млн. адам қатысып, 30 мыңнан астам өтініш-тілектерін білдірген. Соның арқасында Қазақстан өзінің түпкілікті даму жолын таңдап алды.

 

Амангелді Кенжеғозинов, СҚО ардагерлер кеңесі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы:

-Назарбаев барлық халықтың пікірін ескере отыра, шетелдердің тәжірибесіне сүйене отыра осы заңды қабылдады.

 

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Конституция солардың барлығының бірлігін айғақтайды. Негізгі Заң егеменді мемлекетіміздің дамуына жол ашқан тарихи маңызды құжат дейді М.Қозыбаев атындағы СҚМУ “Заңтану” кафедрасының доценті Гүлбақша Мұсабаева.

 

Гүлбақша Мұсабаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

-Конституция арқылы саяси тұрақтылық, экономиканың дамуы, ұлтаралық келісім. Сондықтан онда жазылған міндеттерді, қағидаларды орындау қажет.Ол ел азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер беруде.

 

Тәуелсіздігіміздің тірегі Ата Заңымыз еліміздің бірлігі мен тұтастығының негізі ғана емес, сонымен қатар, еліміздегі барлық жетістіктердің бастауы екені сөзсіз.

 

 

Мағжан Ахмадина