ТЖ

Ерікті құтқарушылар жарысы

 

 

Қызылжар ауданында 2 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді. 72 елді мекені бар аудан үшін бұл аздық етеді. Сол себепті кәсіби мамандарға ерікті өрт сөндірушілер көмеке келеді. Биылдың өзінде еріктілердің арқасында 11 от ошағы ауыздықталған. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Әсіресе, шалғай жатқан ауылдық жерлерде  отпен күресуге ең алдымен осы құрылымдар кіріседі. Нағыз маман болмағанымен, айтарлықтай тәжірибелері бар. Бүгінде олар өз білгендерін сайыста көрсетеді. 4 адамнан құрылған командалар жарысқа сақадай сай. 6 селолық округтен жиналған ерікті жасақтар 2 кезеңді еңсермек.

 

Айдос Мусин, Қызылжар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері:

-Сайысқа қатысушылар екі кезеңде сынға түседі. Жылдамдыққа киім киіп, өрт орнына тез шығып кету және шлангты тез арада жаю.

 

Әділбек Мусин – Архангелька ауылының тұрғыны. Мектепте ұстаздық ететін ол 1 жылға жақын уақыт ерікті өрт сөндірушілер жасағының құрамында. Осы жарыс шамалы болса да дайындықты шыңдауға септеседі дейді. Арнайы киімді кию сайысында олардың командасы үздік нәтиже көрсеткен. Не бары 50,33 секундтің ішінде дайын болды.

 

Әділбек Мусин, ерікті өрт сөндіруші:

-Алғашқы сайыстан жақсы өттік. Келесісінде де жақсы нәтиже көрсетіп, қарсыластарымыздың алдын орап кетеміз деген ойдамын.

 

Архангелька селолық округінде еріктілерден құрылған 4 өрт сөндіру құрылымы бар.

 

Махмет Байбосынов, Архангелка селолық окруінің әкімі:

-Мұндай ерікті өрт сөндіру құрылымдарының маңызы зор. Ауылдық жерлерде оқыс оқиғалар бола қалған жағдайда, мамандар келгенше.

 

Жалпы, облысымызда осындай 497 құрылым жұмыс істейді. Өңірімізде еріктілер арасында алғаш рет ұйымдастырылған сайыстың соңында бірінші орынды Архангелька селолық округі жеңіп алса, Бескөл селолық округінің өрт сөндірушілері 2-ші орыннан көрінді. Ал қызылжарлық жігіттер үздік үштікті тұйықтады.

 

 

Мағжан Ахмадина