Мәдениет

Экологиялық байқау қорытындысы

 

Ерлан Махметов байқауға өзінің атасы туралы жазған. Ол орманшы болған екен. Жаңа жыл қарсаңында браконьерлердің ағашты заңсыз кесіп жатқан жерінен түсіп, арпалыста қаза тауыпты. Ол еңбегін атасының табиғатқа деген қамқорлығына арнаған. Ерланның жұмысы экологтар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

 

Ерлан Махметов, “Жер-біздің ортақ үйіміз” экологиялық байқауының жеңімпазы:

-Бір шырша үшін атамды өлтіріп кеткен болатын. Сондықтан шығармада осы жайында жаздым.

 

Ал, “Туған табиғаттың әсемдігі” фотоаталымында бірінші орынды “Северный Казахстан” газетінің фототілшісі Вадим Мударисов иеленді. Ол байқауға туған өлкенің сұлу тұстарын сәтті түсіріп жіберіпті. Ал, жалпы іс-шараға қатысуға 50-ден астам солтүстікқазақстандық ниет білдірген.

 

Илья Зейферт, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

-Облыс көлемінде бұндай байқау алғаш рет ұйымдастырылды. Ол тамыздың 12-сі мен 21-і аралығында өтті. Байқауға қатысушылар экология және оның мәселелерін өз жұмыстарында жақсы көрсете білді. Алдағы уақытта мұндай сайыстарды жиі өткізуді жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз- адамның табиғатқа деген махаббатын оятып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

 

Байқауға қатысқан 14 адамға бағалы сыйлықтар табысталды. Олардың жұмысы осы жылдың соңында ақпараттық бюллетеньге басылып шықпақ.

 

 

Бану Ахметова