Спорт

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы жарыс

 

 

Демалыс күндері «Қарасай» стадионында ерекше спартакиада болып өтті. Алаңда кәсіби спортшылар емес, әдетте қағаз, қалам ұстап, тапжылмастан компьютер алдында отыратын мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов құттықтап, сәттілік тіледі.

 

260 мемлекеттік қызметші қатысқан жарыс өте тартысты өтті. Әр басқарма намысты қолдан бермеуге тырысып, өздерінің тек жұмыста ғана емес, спортта да үздік екендіктерін көрсетті. 29 құрамаға топтасқан мамандар ең алдымен жүгіруден жарысты.

 

Әйгерім Исина, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы:

-Мен осы сынды спартакиадаға алғаш рет қатысып отырмын. Елбасы өз сөзінде қазақстандықтардың 30 пайызы спортпен шұғылдану керек деп айтқан болатын. Қатысушыларға сәттілік тілеймін.

 

Бүгіндері 140 мыңнан астам солтүстікқазақстандық спортпен шұғылданады. «Шынықсаң шымыр боласың» деген қағиданы ұстанғандардың бірі- Нұрлан Садықов.

 

Нұрлан Садықов, СҚО білім басқармасының маманы:

-Спортпен шұғылданамыз. Бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін ең алдымен халықтың дені сау болу қажет. Сондықтан дене шынықтырумен айналысудың маңызы зор.

 

Жарыс қортындысы бойынша 1- ші орыннан ТЖД Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметінің құрамасы көрінсе, 2- ші орынды экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті еншілесе, 3-ші орынды Салық басқармасы місе тұтты.

Мағжан Ахмадина