Құқық қорғау органдары

Жолаушы тасымалдаушылар мен жол полицейлері кездесті

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда биыл қоғамдық көліктердің қатысуымен болған жол-көлік апаты артқан. Полицейлердің айтуынша, көбінде, алаңғасар жүргізушілер кінәлі. Мәселен, кейбіреуі рөлде отырып телефонмен сөйлессе, енді, біреуі мас күйінде жүргізеді.

Жиында көліктердің техникалық жағдайы да сөз болды. Өйткені, жолаушылардың қауіпсіздігі 4 дөңгелектінің дұрыстығына байланысты. Осыны қадағалау жайын жол полицейлері қадап айтты. Сондай-ақ, тұрғындар жүргізушілердің этикасына қатысты жиі шағымданады екен. Екі тараптың өкілдері айтылған барлық маңызды тұстарын қаперіне түйіп, қағаздарына түртіп алды.

Енді, кәсіпорын жетекшілері қарамағындағы қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Ал, арнайы комиссия жүгенсіз жүргізушілердің жұмысын бақылауға алмақ.