Мәдениет

Құтқарушылар арасындағы тіл байқауы

 

 

Рашид Бикчентаев бала кезінен қазақ тілін үйренуге ден қойыпты. Мектеп жасынан бастап алған білімі бүгінгі таңда жұмыста да көп көмегін тигізуде. Сондықтан, сайысқа да тыңғылықты дайындалған.

 

Рашид Бикчентаев, СҚО төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметінің сүңгуір-дәрігері:

-Мен сүңгуірші дәрігер болып қызмет атқарамын. Қызметім өзіме ұнайды. Мемлекеттік тілді білу әр адамның парызы.

 

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Жыл сайын өткізілетін сайысқа биыл 7 үміткер қатысып отыр. Жиналғандар үшін жарыстың ең қызықты сәті – мақал-мәтел сайысы болды.

 

Әсия Баталова, СҚО төтенше жағдайлар департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің меңгерушісі:

-Байқауға қатысушылар 4 тапсырма бойынша сынға түсті. 1- ші таныстыру, 2-ші мақал- мәтел жарысы, ал «Тілдарын» номинациясына қатысушылар үшін және 3-ші өз өнерлерін көрсету.

 

Сайыс жеңімпаздары қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға барады.

 

Мағжан Ахмадина