Денсаулық сақтау

Педагогтар мен дәрігерлер суицидтің алдын алу мәселелерін талқылады

 

 

Қазақстанда жыл сайын 3000 адам өз-өзіне қол жұмсайды. Бүгінде бұл – қоғамдық проблемаға айналып отыр. Онымен күресу үшін жиылғандар суицидті болдырмаудың жолдарын қарастырды.

 

Игорь Ланда, психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері:

-Сатистикаға сүйенсек, облыста бұл жағдай сәл де болсын тұрақтанды. Республика бойынша бізде суицид екі жарым есеге аз.

 

Өңірде «Суицидтердің алдын алудың 2012-2016 жылдарға арналған” бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағытта суицидологиялық қызмет жұмыс істейді. Және қала мен барлық аудандарда арнайы 18 кабинет ашылды. Күйзелісте жүрген азаматтарға көмектесу мақсатында осы диспансерде бөлімше құрылыпты.

 

Юлия Шадрина,психоневрологиялық диспансердің суицидологиялық бөлімшесі психологтар тобының жетекшісі:

-Мұнда суицидолог және 4 психолог жұмыс істейді. Сенім телефоны бар. Мамандардың көмегіне зәру азаматтар 49-32-41 нөміріне қоңырау шалуына болады. Кеңес тегін беріледі.

 

Мамандар суицидтің алдын алу мақсатында алдағы уақытта оқушылармен кездесу өткізбекші.

 

Бану Ахметова