Астана медициналық академиясын тәмамдаған жас маман Виталий Никулин облыстық балалар ауруханасында сурдолог-дәрігер болып жұмыс істейді. Ол құлағында мүкісі бар балаларды мына арнайы акустикалық аудио аппаратымен тексеріп жатыр. Күніне жарты сағаттық сеансқа 4 баладан қабылданады.
Виталий Никулин, облыстық балалар ауруханасының сурдолог-дәрігері:
-Мен кабинетімде емделушілірге аудиолагитикалық зерттеу жүргіземін. Заманауи құрылғының көмегімен ақаудың себебін анықтап, емдеу жолын жазып береміз.
Мұнда қазір сурдолог-дәрігер, сурдопедагог, логопед және невропотолог қызмет атқарады. Біз қазір сурдопедагог Оксана Руданованың жаңа кабинетіндеміз. Ол жақында құлағына ота жасалған 10 жасар Милена Новикованың есту қабілетін қалпына келтіруде.
Оксана Руданова, облыстық балалар ауруханасының сурдопедагогы:
-Бұл кабинетте құлақ ауруына байланысты әр түрлі патологиясы бар балалар 10 күн бойы реабилитациядан өтеді. Емдеу шарасы жас ерекшелігіне байланысты 10-40 минутқа дейін жалғасады. Біз қазір отадан кейінгі баланың психо-физиологиялық жасына сай дамуын, естуге арналған протездің сапасын, сондай-ақ, кохлеарлық имплантаттың дұрыс орнатылғанына көз жеткізу үшін осындай сабақтар өткіземіз.
Милена Новикованың есту қабілеті біршама оңалып келеді.
Татьяна Новикова, Миленаның анасы:
– Қызым 3-ші – 4-ші дәрежелі құлақ бітелу ауруымен диспансерлік есепте тұр. 5 жыл бұрын баламның құлағына имплонтант қойылған. Содан бері, қызымның толығымен аурудан айығуы үшін осындай сурдологиялық кабинеттің ашылуын күттім. Енді, міне, балам қайтадан басқалары сияқты толыққанды өмір сүру мүмкіндігіне ие болды.
Бүгінгі таңда облыстық балалар ауруханасында құлағында ақауы бар 130-дан астам бала диспансерлік есепте тұр.
Берік Қасен