Kurultai banner mobile

Қайырымдылық

Петропавлдық кәсіпкерлердің оқушыларға сыйлығы

 

 

Мына жеткіншектер көп ұзамай өздері сағынып жүрген алтын ұя мектептеріне оралады. Көпбалалы және тұрмыс деңгейі төмен отбасылардан шыққан оқушылар бүгін кеңсе  тауарлары мен түрлі киім-кешекке ие болды. “Мектепке жол” атты республикалық акция аясындағы шараны өткізуге “Эра милосердия” ҚБ-не кәсіпкерлер де қолдау танытқан.

 

Галина Калинкина, “Эра милосердия” ҚБ президенті:

-Балғындарға біздің жақсы сыйымыз бар. Оларға түрлі тәтті-дәмдіні де әкеп қойдық. Бүгін “Білім күніне” арналған шағын мереке десе де болады. Негізі қала бойынша 3 сауда нүктесінде киім жинайтын себет қойдық. Қамқорлығымыздағы отбасылар еш таршылықты сезінбейді.

 

Бүгінгі таңда клубқа 78 ата-ана мүшелік етеді. Көбі 4 және одан да көп баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мәпелеп өсіріп отыр. Сандуғаш Тазболатова бүгін екі баласын ерте келген.

 

Сандуғаш Тазболатова, “Эра милосердия” ҚБ мүшесі:

-Балаларды киіндіру үшін көп қаражат керек. Біздің бұған көбіне-көп шамамыз жетпей жатады. Былтырдан бері жақсы көмек жасап келеді. Жаңа жылдарда сыйлықтар беріп, мектепке дайындалуға көмектеседі.

 

Білім күніне орайластырылған бүгінгі шарада 6 мен 13 жас аралығындағы 70 бала сыйлыққа ие болды. Оқушылар өз кезегінде бұл мерекені ұйымдастырған демеушілерге зор алғысын білдірді.

 

– Осы акция арқылы қолы ашық адамдар анама үлкен көмек беруде. Оған біз де қуанамыз. Көп рақмет. 2-ші жыл алып жүрміз.

– Мен де мұндай көмекті 2-ші жыл алып жүрмін. Бәріне көп рақмет.

 

“Мектепке жол” акциясы елімізде 6 жыл қатарынан өткізіліп келеді.

 

 

Берік Қасен