Мәдениет

Отырардан жеткен көрме

 

 

Отырар маңы тарихи ескерткіштерге өте бай. Сол жерден жиналған жәдігерлер біздің заманымыздағы 1-18-ші ғасырларды қамтиды. Атап айтсақ, шыны бұйымдар, сырлы ыдыстар мен алтыннан жасалған заттар. Әмір Темір дәуірінің күміс теңгелер мен күмбелері де жеткізіліпті.

 

Ералы Шоқай, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы қор сақтау бөлімінің меңгерушісі:

-Мынау мұсылман елдері қадір тұтатын Арыстанбаб әулие – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Отырарда жерленген. Сол кезде Арыстанбаб кесенесінде 19 ғасырларда мұсылман кітапханасы болған деседі. Сол кітапхананың болғанын дәлелдейтін ішінде Арыстанбабқа деп жазылған көне кітаптар. Отырардың этнографиясы, оның ішінде әйелдердің зергерлік бұйымдары және сол бұйымдарды жасайтын ұсталардың құрал-саймандары, тұтынған бұйымдары және сол кісілердің қолынан шыққан тұрмыстық жәдігерлерді көрермендер назарына ұсынамыз.

 

Отырар Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. Көне қала бірнеше керуен жолдарының қиылысында болғандықтан әрдайым көркейіп, өркендеп отырған. Отырар халқы Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай, Үнді, Византия т.б мемлекеттермен үнемі ғылыми, мәдени, экономикалық, дипломатиялық қарым-қатынас ұстанған. Осы арқылы ортағасырлық қала мәдениеті мен көшпелі қоғам өркениеті тоғысты.

 

Әлімжан Мәжитов:

-Біздің алып отырған әсерлеріміз мына қазба байлықтары, манағы 12,13-ші ғасырдағы заттарды көрсетті. Әрбірдесін сауыт киімінің өзі қандай. Сосын мынау 2 саусаққа іліп алатын құданың сақинасы деген бар екен-ау. Соның барлығын көрдік. Енді осыны да айтып, біз арман қарай біздің үкіметіміз тарихты қайтадан жаңартып жатыр. Осыған көп қуанамыз. Осының барлығы мына келер жастарға үлгі болса дейміз.

 

Қазба жұмыстарында кірпіштер, балшық және мыстан жасалған ыдыстар, қару-жарақтар табылған. Сонау Отырар кітапханасынан қалған бірнеше құнды кітаптар бар.

 

Мейрамгүл Әбуова, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері:

-Бұл көрменің біздің мұражай жәдігерлерінен ерекшелігі бұл көрмедегі археологиялық және этнографиялық заттар 18-19  ғасырды қамтиды. Бұл көрме өте қызықты. Ғылыми жағынан үлкен-үлкен ашылымдар бар.

 

Бұл көрме қазанның 10-на дейін жалғаспақ.

 

Берік Қасен