Аптадағы маңызды жаңалықтар

Білім ошақтарының жаңа оқу жылына әзірлігі

 

Өткен жылдың қазан айында 189 мектеп апаттық жағдайда деп танылса, ағымдағы жылдың алты айында олардың саны 258-ге жеткен. Сондықтан үш ауысымда оқитын білім ошақтарының саны артып отыр. Олардың дені Оңтүстік Қазақстан облысында. Жыл соңына дейін қолданысқа енгізіледі деген 159 жаңа мектептің 77-сі 1-ші қыркүйекте ашылуы тиіс. 1372 мектеп күрделі, 5 мыңнан астамы орташа жөндеуді талап етеді. Бүгінгі күні 4958 білім нысаны әзірлік құжаттарын алған. Еліміз бойынша мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету – 99%. “Мектепте жол” акциясы аясында 15 мыңнан астам оқушыға жалпы сомасы 160 миллион теңгенің көмегі көрсетілген. Жаңа оқу жылында оқушыларды ыстық аспен қамтамасыз ету 83 пайызды құрап отыр. 825 мектепте асхана жұмыс істемек. 395 бала саны аз мектептерде тамақтандырудың қажеттілігі жоқ деп атап көрсетті денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова. Кей мектептерде медициналық кабинеттердің жоқтығы да алаңдаушылық туғазыды. Төтенше жағдайлар мамандары тексеріс жүргізген 3759 нысанда 10 мыңнан астам заңбұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапқа тартылған лауазымды тұлғалар саны 2 мыңның үстінде. Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуына қарағанда олқылықтар көбіне жылыту жүйесі мен өртке қарсы автоматтардан жіберілген. Өз сөзінде ведомство басшысы біздің өңірдегі ағаттықты мысалға келтіріп, ол шамалы уақыт ішінде түзетілгенін атап өтті. Бұдан соң Премьер Министр бірқатар облыстардың жағдайын тыңдап біліп, аймақ басшылары мен жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Апаттық жағдайдағы мектептер мен медициналык кабинеттердің жеткіліксіздігі, ыстық аспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге жол берілмеуі керек. Жаңа оқу жылына әзірлік барысы тамыздың 29-на дейін 100 пайыз болуы тиіс деді Серік Ахметов. Астанамен болған байланыс аяқталысымен күн тәртібінде қаралған мәселе жергілікті жерде жалғасын тапты. Облыс әкімі Самат Ескендіров бірқатар ведомство басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Премьер-министр берген тапсырмалар уақтылы орындалуы тиіс. Білім басқармасы апаттық мектептер мен жалпы оқыту қоры жұмысын сараласын. Тайынша мен Ғабит Мүсірепов аудандарындағы типтік емес және үш ауысымда оқитын мектептің жұмысын бақылауға алуды міндеттеймін.

 

Өңір басшысы құрылыс басқармасы жетекшісіне де алда атқарар жұмыстарды нақтылап берді. Негізінен жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді күшейту қажет.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Типтік мектептердің жобалық-сметалық құжатын әзірлеңіздер. Оған қажетті қаражатты жыл соңында 2014 -тің бюджетіне енгізетін боламыз.

Білім ошақтарын тексеруде атқарылып жатқан жұмыстар жайында жиынға қатысушыларды төтенше жағдайлар департаментінің жетекшісі Павел Филиппов құлағдар етті. Жиынды қорытындылаған өңір басшысы кемшіліктердің орны жуық арада оңалуы тиіс деді.

 

Самат Есмағи