Құқық қорғау органдары

“Түнгі қаладағы балалар” акциясы

 

 

Екі күн бойы жүргізілген рейдтің қорытындысы бойынша түнде көше кезген 256 жасөспірім анықталған. Олардың 164-не әкімшілік құқықбұзушылық, 6-уына қылмыс жасағаны үшін, ал түн ортасында қаңғырып жүрген 86 жасөспірімге қатысты хаттама толтырылды. Ақыры, 98-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 12-сі ішімдік ішкені үшін жазаланған.

 

Қымбат Қасымғожина, Петропавл қаласы ІІБ ювеналдық полициясының аға инспекторы:

-Тамыздың 18-і мен 20-сы аралығында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел алдын алу шарасы өтуде. Оның мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында қоғамдық орындар мен жастар көп жиналатын көңіл көтеру орталықтары, тұрмысы нашар отбасылар тексерілді. Алкоголь өнімдерін пайдаланып, өз міндетін орындамайтын ата- аналарды анықтау.

 

Жедел алдын алу шарасы тамыздың 20-сына дейін жалғасады.

 

Мағжан Ахмадина