Қоғам

Православ сеніміндегі христиандар Яблочный спас мейрамын тойлауда

 

Діни мереке күні шіркеуге келушілердің назары «Преображение господне» иконасына ауады.

 

епископ Гурий, Петропавл және Булаев епархиясының басшысы:

– Иса Пайғамбар мен бірнеше шәкірті тауға шыққан. Құдайға құлшылық ету рәсімінде ол өзгереді. Оның жүзі күннің көзіндей жарқырап, киімі қардан аппақ болған.

 

Православтықтар үшін бұл тылсым оқиғаның маңызы ерекше. Бұған қатысты халық арасында жақсы дәстүр тараған. Библия жазбаларына сәйкес мерекеде шіркеуге алма жемісін әкелу керек.

 

епископ Гурий, Петропавл және Булаев епархиясының басшысы:

– Жаңадан терілген жас жемістер аластатылады. Дәстүрге сай бірінші жүзім мен алма, өзге де жемістер, бидай масағы әкелінеді.

 

Сондай-ақ, христиандардың арасында тамыздың 19-ына дейін алма үзіп жеуге болмайды деген ырым бар.

 

-Мерекенің басты мағынасы жан-дүниені тазарту болып табылады.

– Тек діни мерекелерде ғана емес, жыл бойы сауап болар жақсылық жасау керек. Бұл күн бізге осыны еске салады.

 

Христиандар бұл күні құдайға сыйынып, жақсы тілектер айтады. Кейін православтықтар мейрамды туған-туыстарымен бірге атап өтеді.

 

Жеңіс Ермұқанов