Білім

“Видергебурт” мәдени орталығындағы неміс тілі мұғалімдерінің семинары

 

 

Бүгін осында жиналғандардың бәрі неміс тілінде сөйлесуде. Осылайша, солтүстікқазақстандық педагогтар кәсіби шеберлігін арттыруда. Арасында Қорлан Жүкенова да бар. Ол Тайынша қаласынан келіп отыр. Педагогтың мұндай курстарға қатысуы алғаш рет емес. Әр келген сайын әріптестерімізбен тәжірибе алмасамыз дейді ол.

 

Қорлан Жүкенова, №4 орта мектебінің мұғалімі, Тайынша қаласы:

– Өзім қазақ тілі мен неміс тілінің мұғалімімін. Мұндай семинардан алған әдістерді өз сабағымда қолданамын.

 

Неміс халқының тарихы, мәдениеті, әні, жыры және этникалық құндылықтар. Семинар бағдарламасы ауқымды. Сабақ неміс мәдениетін тіл арқылы тану үшін ұйымдастырылған. Сабаққа «Видергебурт» неміс мәдени орталығының тілдік жоспары бойынша жұмыс істеп жүрген 16 мұғалім қатысуда.

 

Ольга Вехтева, «Видергебурт» неміс мәдени орталығының әдіскер-тәлімгері:

– Мұндай семинар теориялық жағынан ғана емес, тәжірибелік қырынан да педагогтарға берері мол. Семинар ойын түрінде өтеді. Мұғалімдермен тілді үйренуге көмектесетін арнайы жаттығулар әзірлейміз.

 

Сабақтан кейін әрбір мұғалім оқыту курсынан өтті деген сертификат алады.

 

Бану Ахметова