ТЖ

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар Қостанай облысынан оралды

Табиғи апат шекаралас РФ Челябі облысындағы толассыз жауған нөсердің салдарынан орын алған. Жауын-шашыннан Қаратал-Аят өзені арнасынан асып кеткен. Жерлестеріміз Қостанай облысының Таран ауданындағы көшелер мен аулаларды судан арылтуға көмектесіп, жапа шеккен тұрғындар мен олардың мал-мүлкін қауіпсіз аумаққа шығару жұмыстарына көмектескен. Су басқан аумақта тәулік бойы кезекшілік құрылды. Нәтижесінде 15 мың текше метр су сорылған. Бұл жұмыстарға өңірден 31 маман, 6 бірлік арнайы техника, 2 қайық пен 3 өрт сөндіру помпасы жұмылдырылған. Қостанайлықтарға сондай-ақ, Ақмола, Ақтөбе облыстарының жасақтары мен Азаматтық қорғаныс министрлігінің полк құрамы жәрдемдесті. Жұмыла атқарған жұмыстың нәтижесінде су тасқыны аз уақыттың ішінде тоқтатылды. Бұл жауапты істе СҚО жедел тобының жұмысына оң баға берілді. Таран  ауданының әкімі құтқарушылардың бірқатарына алғыс хат табыстады.

 

Мұрат Қанғожинов, СҚО төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің бас маманы:

-Петропавл қаласынан Таран елді мекеніне дейінгі ара қашықтық 630 шақырымды құрайды. 13 сағат жүріп бардық. Аман-есен жетіп, тапсырманы орындап қайттық.

 

Жеңіс Ермұқанов