Энергетика

Солтүстік Қазақстанда электр желілерін жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

Трансформаторлық станцияның дайындығы диспетчерге баяндалды. Бұл мына 194 және 195 тоқ көзінің тораптарында энергетиктер тиісті жұмысты аяқтады деген сөз. Мамандар 20 тәулік ішінде қуаттылығы 10 киловольттық 532 метр болатын желіні жаңартты. Жалпы, 2013 жылы кәсіпорын 10 шақырым кабельдік желілерді алмастыруды көздеп отыр.

 

Равиль Назаров, «СК РЭК» АҚ кабелдiк желiлер қызметiнiң басшысы:

– Бұл желі Вокзал аумағы тұрғындары үшін қосымша қуат көзі болып табылады. Ол Батыр Баян, Сәтпаев, Кошуков және Медведев көшелерінде апаттық жағдайлар бола қалған жағдайда резервтік трансформатор станциясы болып саналады.

 

Ал Советское көшесі бойында әуе желілері СИП-3 маркалы заманауи түрлеріне алмастырылуда. Энергетиктер жұмыстың 95 пайызын тындырыпты.

 

Самат Құрымбаев, «СК РЭК» АҚ әуе желілері қызметінің басшысы:

-Бұл желінің ұзындығы 2 шақырым болып табылады. 1981 жылы іске қосылған екен. Оның артықшылығы – тоқтың қысқа тұйықталуы аз кездеседі және бұл желілер ұзақ уақыт жұмыс істеуге төзімді.

 

Жалпы  Петропавл қаласы бойынша 4 шақырымнан астам әуе желілері алмастырылатын болады. Оған 17 млн. теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

 

Мағжан Ахмадина