Білім

Петропавл ұстаздарының дәстүрлі тамыз кеңесі

 

Петропавлда 37 білім ошағы мен 51 балбақша жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік “Балапан” бағдарламасын жүзеге асыру барысында облыс орталығындағы мектепке дейінгі тәрбие беретін ошақтардағы бүлдіршіндер саны 2 388-ге артты. Яғни, бүгінде 6 жасқа дейінгі балалардың 80 пайызы балабақшамен қамтамасыз етіліп отыр.

 

Гүлмира Кәрімова, Петропавл қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

-Облыстық әкімдіктің қолдауының арқасында 532 орынға шақталған бұрынғы 4 балабақша ғимаратын кері қайтару мүмкіндігіне ие болсақ, қолданыстағы 6 мектепке дейінгі тәрбие ошағындағы орындардың санын 225-ке арттыруға мүмкіндік туды. Сонымен қатар 320 орынға шақталған “Алтын бесік” балабақшасы қолданысқа берілді. Ал 18 жалпы білім беретін мектептерде ашылған шағын орталықтардағы орындар саны 1 217 көбейді.

 

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев тілдің үштұғырлығын дамыту жөнінде міндеттеме қойған болатын. Оны жүзеге асыруда педагогтарға жүктелер міндет ауқымды. Осы тұрғыда жаңа оқу жылынан «E-learning» электронды оқыту жүйесі енгізілмек. Жаңа жобада бірінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасына ағылшын тілін енгізу талабы қойылған. Өз кезегінде мұғалімдердің де білікті маман болғаны жөн жаңашылдыққа орай. Бұл бағытта ұстаздар 3 деңгейлі курстарда оқытылуда.

Бүгінгі таңда қала мектептерінде 2000-ға жуық педагог еңбек етеді. Ұлағатты ұстаздардың жұмысы еленді бүгінгі бас қосуда. Марапаттауға ие болғандардың арасында №17  ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің биология пәні мұғалімі Данияр Досжанов та бар. Ұстаз қала әкімінің құрмет грамотасына ие болды.

 

Данияр Досжанов, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің мұғалімі:

Бүгін еңбегімнің еленгеніне қуаныштымын. Жас мұғалімдерге көп көңіл бөлінуде мемлекет тарапынан. Яғни мен сияқты мамандардың мектепте жұмыс істеп кетуіне барлық жағдай жасалынған. Ал, біз өз кезегімізде оқушыларға сапалы білім беруге тырысамыз.

 

Үздік білім ошақтарының жұмысы да тиісті бағасын алды. Сөйтіп, үздік мектептер қатарынан қалалық классикалық гимназия да көрінді. Осылайша педагогтар жаңа оқу жылының  басты міндетін айқындап алды. Ол  – оқушыларға заман талабына сай сапалы білім беру.

 

Бану Ахметова