Құқық қорғау органдары

«Контрафакт» шарасы

«Контрафакт» жедел алдын алу шарасының мақсаты – терроризм, экстремизм мен зорлау фактілері бейнеленген заңсыз бейне-аудио тауарлардың таралуына тосқауыл қою. Осы орайда тәртіп сақшылары Петропавлдағы сауда орындарын аралап шыққан болатын.

 

Руслан Бейсенов, СҚО ІІД криминалдық полициясы басқармасының аға жедел уәкілі:

Компьютерлік клубтарды, дәмханалардағы ғаламтор мен компьютер саудалайтын фирмаларды тексердік.

 

Облыс аумағында 2 күн бойы жүргізілген іс-шара барысында заңсыз айналымнан 500-ден астам DVD дискісі табылды. Тәркіленген заттар әділет департаментіне сараптамаға жіберілді.

 

Гүлжәмилә Бектұрова, СҚО әділет департаментінің бөлім басшысы:

-Заңсыз айналымнан тәркіленген заттар соттың шешімімен жойылуға жатады.

 

Мұндай заңсыз іспен айланысқан жеке тұлғаларға ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 129-бабы бойынша 100-ден 110-ға дейін, ал заңды тұлғаларға 150-ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлету жазасы қарастырылған.

 

Берік Қасен