Аптадағы маңызды жаңалықтар

Үкіметте астық өндірушілерді арзандатылған жанар-жағар маймен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Еліміз бойынша күзгі орақ науқанына бөлінген арзандатылған жанар-жағармай 410 мың тоннаны құрайды. Алайда, ол аздық етеді. Сондықтан әр өңір тағы қосымша дизель отынын бөлуді сұраған Үкімет басшысынан. Ол мәселе шешімін табатын болады деді селекторлық кеңеске төрағалық еткен Вице-Премьер Бақытжан Сағынтаев. Қосымша жанар-жағармай бөлу туралы ұсыныс жасағандар Қостанай, Ақмола, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері. Қажетті сұйық отын көлемі – 40800 тонна. Оның 14 528 тоннасы біздің облысымызға қажет.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Синоптиктердің мәліметінше, облысымызда қыркүйек айында ылғал нормадан 1,5 есе көп түседі деп болжанып отыр. Ал ол шақ нағыз орақтың қызған кезімен тұспа-тұс келеді. 14,5 мың тонна қосымша жанар-жағармай сұрағанымыз – облысымызда 54 астық қабылдау қосындары мен 273 астық кептіргіш бар. Олар орақ кезінде тоқтаусыз жұмыс істеулері қажет.

 

Жиынды қорытындылаған Вице-Премьер Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне нақты қанша тонна жанар-жағармай керектігі туралы ұсынысты бірер күнде хабарлауды міндеттеді. Бұл жұмыстарды ауылшаруашылығы министірлігімен бірлесіп атқару қажет.

 

Самат Есмағи