Без категории

Оқушылар қала тарихымен танысты

Мектеп ұжымының шараға тыңғылықты дайындалғандары көрініп тұр. Мұғалімдер мультимедиялық жабдықтың көмегімен тақырыпты тартымды қылып түсіндіруге тырысқан. Осылайша, 8-сынып оқушылары туған қаласы жайлы мол әрі қызықты мағлұмат алды.

 

Әсел Жақсылықова, Д.Карбышев атындағы №40 орта мектептің аға тәрбиешісі:

-Петропавл қаласының тарихына, танымал тұлғаларына, көше атаулары мен көркем саябақтарына кеңірек тоқтала кеттік. Және осы арқылы оқушыларымызға патриоттық тәрбие беруді көздедік.

 

Мәселен, қаланың ең бірінші елтаңбасы 1842 жылы бекітіліпті. Ол тұста Петропавл – Тобол губерниясы Ақмола облысына қарасты уездік орталықтың бірі болған екен. Оқушылар да жай отырмай, қала тарихы жайлы білгендерін айтып, белсенділіктерін танытып жатты. Сондай-ақ, жасөспірімдер елге танымал тұлғалардың атымен аталған көшелердің тарихына, “Қаламыздың құрметті азаматы” атағын алған тұлғалардың өмірбаянына да тоқталды.

 

Индира Нығмат, мектеп оқушысы:

-Бұл ауызша сабақ сүйікті қаламыздың құрметті ардагерлеріне, әдемі көшелеріне, мәдени ескерткіштері мен саябақтарына арналған. Мен өз қаламды өте жақсы көремін және оны мақтан тұтамын.

 

Бүгінде Петропавлдың көркі көз қуантады.

 

Берік Қасен