Білім

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жүйесінде жаңа оқу жылы басталды

 

Мемлекеттік қызметшілерге арналған даярлау курстарынан өтуге Еркін Оразов та келген. Ол жақында ғана Тайынша аудандық білім бөлімінің басшылығына тағайындалыпты. Осында 6 апта оқыған соң қолына тиісті сертификатын алады. Бұл жолы мұнда 50 адам дәріс тыңдауда.

Ал, келесі бөлмеде есепшілер отыр. Бұл топ – біліктілігін арттыруға келгендер. Оқып жатқандарына бүгін 3-ші күн болыпты. Апта соңында дейін бухгалтерлер халықаралық сапа стандарттары бойынша жұмыс істеу әдістемесі жөніндегі оқудан өтті деген сертификат алады. Мұнда біз Баян Тәшетовамен әңгімелестік. Ол Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есепші қызметіне бір ай бұрын орналасқан.

Айта кету керек, есепшілер жаңа бағдарлама бойынша оқытылуда. Бүгінде осы жобаның аясында 200 адам сертификат алып үлгеріпті. Мұнда барлығы 130 оқытушы сабақ береді.

 

Татьяна Лебедева, СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры:

– Мемлекеттердің көбі жаңа стандартқа көшіп жатыр. Сол себепті, біз білікті оқытушылардың көмегімен арнайы бағдарлама әзірледік. Жоба республикалық комиссиядан өткен. Есепшілер жаңа әдіс бойынша халықаралық стандартқа сай қалай жұмыс істеу керектігін үйренеді. 40 сағат бойы дәріс алып, теорияны тәжірибемен ұштастырады.

 

Соңғы 3 жылда орталықта қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан 6 мың адам өткен. Мемлекеттік қызметкерлерді оқытуға жыл сайын жергілікті бюджеттен 15 млн. теңгеден бөлініп тұрады.

 

Бану Ахметова