Қайырымдылық

“Мектепке жол” акциясы

 

Жаңа оқу жылының басталуына 18 күн қалды. Қазір барлығы мектепке қызу әзірлік үстінде. Кейбір ата-аналар үшін қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу оңайға соқпайтыны жасырын емес. Осы орайда елімізде 6 жыл қатарынан жетім және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына көмектесу мақсатында “Мектепке жол” акциясы өткізіліп келеді. Игі шараның арқасында бүгін Қожаберген жырау атындағы №6  орта мектептің 17 оқушысы жалпы оқыту қорының есебінен мектепке қажетті құрал-жабдықтарға толы сөмкеге ие болды. Солардың арасында Даниил Айтым да бар.  Ата-аналар “Мектепке жол” акциясы бізге үлкен көмек дейді.

Мектепте биыл жетім және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына жәрдемдесу үшін 390 мың теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Алдағы уақытта жетім және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға киім-кешек беріледі. Ол үшін жалпы оқыту қорынан 410 мың теңге қарастырылған.

 

Бану Ахметова