Энергетика

Энергетиктердің инвестициялық бағдарламалары

 

Бүгінде мұнда барлығы 11 қазандық бар. Оның 6-шысы өткен жылы қайта жаңғыртылған екен. Құрылғыны жаңартуға 2 млн. 700 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Нәтижесінде будың өнімділігі сағатына 220-дан 270 тоннаға дейін артқан. Ал, бұл өз кезегінде энергия қуаттын өсіруге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта қатарға тағы біреуі қосылады. Жаңадан салынып жатқан №8-ші қазандық бойынша жұмыстың 70 пайызы тындырылған.

 

Виктор Бармин, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ 2-ЖЭО директоры:

– №8 қазандықта барлық негізгі жұмыстар аяқталды. Қыздыру беттері толық орнатылып, қазіргі күні монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба құны 4 млрд. теңгеден асады.

 

Журналистерге турбина цехының жұмысы да таныстырылды. Мұнда да қайта қалыпқа келтіру қызу жүріп жатыр. Мәселен, 4-ші турбоагрегат заманауи жылу үнемдейтін түріне алмастырылуда. Қондырғы іске қосылса, электр қуаттылығын 50 мегаВаттқа дейін арттыруға болады. Кейін кездесу мәжіліс залында жалғасты.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Негізгі инвестиция қайда құйылып жатыр. Қандай жұмыстар атқарылуда. ТЭЦ- те атқарылған жұмыстар нәтижесін халық білуі керек.

 

Мұнда 2009 жылдан бері инвестициялық жоба аясында 28 млрд. теңгеден астам қаржы құйылған. Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң станцияның қуаттылығы 140 мегаВаттқа артпақ. Негізінен, барлық іс 2015 жылға дейін жоспарланып отыр. Жоба ойдағыдай жүзеге асса, ескірген жабдықтың 40 пайызы энерготиімді түріне жаңартылып қалады.

 

Мағжан Ахмадина