Құқық қорғау органдары

Жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген адам қолға түсті

Ұсталған жігіт – Ақмола облысының 24 жастағы тұрғыны. Ол Көкшетаудан Петропавлға жұмыс сапарымен ауысқан досына телефон соғып, халін сұрамақшы болыпты. Бірақ, кейін әзілдегісі келген. Сөйтіп, қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен темір жол вокзалына бомба қойылды деген. Ар жақтан түскен хабардан кейін мында барлық құқық қорғау органдары аяғынан тік тұрды. Аталған аумақтан 100-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылған соң мамандар бәрін тінтіп шығады. Бірақ, айтылған жарылғыш зат табылмаған. Осылай жұртты дүрліктіріп, өтірік айтқан жігіттің айтуынша арам ойы болмаған. Оның психоневрологиялық диспансерде 20 жылға жуық тіркеуде тұрғандығы белгілі болды.

 

Күдікті:

-Петропавлға телефон шалдым, әзілдегім келді, вокзалда жарылғыш зат қойылды дедім.

 

Күдікті бұрын сотталмаған. Полицейлер оның ісін Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасына жіберу үшін материалдар жинастыруда. Мұндай қылмыс үшін қолданылатын жаза – 200-ден 500-ге дейін АЕК көлемінде айып салу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

 

Данаш Хамзина