Бизнес және экономика

Петропавлда “Цесна банк” АҚ облыстық филиалының банкілік қызмет көрсету орталығы ашылды

Бүгінде өңіріміздегі екінші деңгейлі қаржы институттарының 79 қосымша кеңсесі жұмыс істейді. Енді  олардың қатары тағы бір банкілік қызмет көрсету орталығымен толығып отыр. “Цеснабанк” АҚ өңірлік филиалының 6-шы бөлімшесі “Корона” сауда үйінде ашылды.

 

Жомарт Қажырақымов,ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚФ директоры:

Бүгін “Цесна банктің” кезекті кеңсесін ашуға жиналдық. Бұл – олардың халыққа қызмет көрсететін 6-шы бөлімшесі. Өңіріміздегі банктердің ішінде бұл 5-ші көрсеткіш. Жалпы, бар банк жүйесінің 5 пайызы аталмыш қаржы институтының үлесінде. Бұл сұраныстың барын көрсетеді.

 

Салтанатты түрде жаңа қаржы кеңсесінің таспасы кесілген соң кеңсені аралағандар қаржыгерлердің клиенттерге ұсынатын қызметтерімен таныс болды. Жергілікті филиалдың жеке ғимаратында тұтынушыларға барлық жағдайлар жасалған. Корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету аймақтары, кассалық тораптар қарастырылыпты. Істерін дөңгелетем деген кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдерін қызықтыратыны  – негізінен тиімді несие алу. Қаржы институтының ұсынатын қызметтер кешені әр клиенттің талғамына сай құрылған.

 

Самал Ақамбаева, “Цеснабанк” АҚ СҚФ банктік қызмет көрсету орталығының менеджері:

– Банктік қызмет көрсету орталығында есептік-кассалық, түрлі қаржыландыру, қашықтықтан қызмет көрсету жүйесі енгізілген. Сондай-ақ, жылдам әрі сапалы несиелендірудің барлық түрі, ақша аударымдары, айырбас операциялары, жедел салымдарды жүзеге асыруға болады.

 

Бастысы – тұтынушыларға жылдам әрі сапалы қызмет көрсету. Оның құрылуы жергілікті тұрғындар үшін қуанышты жаңалық. Енді 19,20- ықшам аудандар тұрғындары қаланың орталығына бармай-ақ, қажетті қаржы операцияларын жақын жерде жасай алатын болды.

 

Валентина Семенова, зейнеткер:

Менің балаларым Ресейде тұрады. Осы банктің көмегіне жүгініп жиі ақша аударамын. Менеджермен кеңескен соң зейнетақымның бір бөлігін депозиттердің біріне аударуды ұйғардым. Біріншіден, ұсыныстары көңілімнен шықты, өте тиімді және дәл жанымызда.

 

“Цеснабанк” АҚ несиелік және депозиттік салымдар қоры жыл санап өсіп келеді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ірі қаржы институттарының арасында 7-орынға тұрақтаған.

 

Құлыбек Шопанов, “Цеснабанк” АҚ СҚФ директоры:

– Банк шағын және орта бизнесті қаржыландыруға басымдық береді. Жеке және заңды тұлғалар тарапынан сұраныс бар. Бұнымен әрине тоқталмаймыз. Ендігі мақсатымыз – аудан орталықтарында бөлімшелерімізді ашу. Келесі жылы міндетті түрде жаңа қызмет көрсету орталықтары құрылады. Қазір ол мүмкіндікті әр қырынан саралап жатырмыз.

 

Негізгі ісіне енді кірісіп жатқан банкілік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өңір экономикасының дамуына жұмыс жасайтындарына сенімді.

 

Жеңіс Ермұқанов