Құқық қорғау органдары

Облыстың қаржы полицейлері жыл басынан бері 228 қылмыстың бетін ашқан

 

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында қаржы полицейлері 150 экономикалық қылмысты анықтаған. Оның ішінде 129-ы бойынша тергеу жұмыстары аяқталып, 73-і сотқа жіберілген. Нәтижесінде мемлекетке тиген 600 млн. теңге шығынның 237 млн. теңгесі қайтарылды. Сондай-ақ, бірқатар парақорлық фактілері де тіркелген.

 

Жанарбек Мырзағалиев, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары:

– «Биологистика» серіктестігінің директорына қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол былтыр сәуірдің 17-сі күні мың доллар көлемінде пара алды деп айыпталып отыр. Ол бұл қаржыға аукционда белгілі бір азаматқа жеңіске жетуіне көмектеспекші болған.

 

Қаржы полициясы қызметкерлері бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және ұрлау деректері бойынша қылмыстарды анықтап, алдын алу шараларын жүргізуде. Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлікпен айналысу фактілері де қатаң бақылауда. Облыстық қаржы полициясы қызметкерлері ағымдағы жылдың бірінші жартысында жалпы 228 қылмыстың бетін ашқан.