Қоғам

Келісім-шарт бойынша әскери қызмет

 

Отан, абырой, міндет бұл – ажырамас ұғым. Қасиетті қағиданы санасына құйып, жүрегімен сезінетін сардарлардан елдің берік қалқанына айналған әскеріміз құрылды. Бүгінде мемлекет шекарасының бүтіндігін сақтауға жараймын деген елжанды азаматтар келісім-шарт бойынша қарулы күштердің қатарын толықтыра алады. Келісім мерзімі кемінде үш жыл. Бұған ниет танытқандары жұмыс орнын өзі таңдауға құқылы.

 

Игорь Четверов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығы:

Бүгінде аэромобильді әскерге келісім-шарт бойынша үміткерлерді іріктеп жатырмыз. Олар Қапшағай, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларына қызмет етуге аттанады. Сондай-ақ, әуе күштері мен жаяу әскер қатарын жасақтаймыз.

 

Жыл басынан 70 жерлесіміз келісім-шарт бойынша әскери қызметке орналасыпты. Қорғаныс күштерінің толағай табыстары қатаң тәртіп пен табанды талаптың арқасында келді. Отан жүктеген маңызды тапсырмаларды бұлжытпай орындайтындардың қатарына екінің бірі қабылдана бермейді.

 

Игорь Четверов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығы:

– Біріншіден ҚР азаматы болуы тиіс. Отан алдындағы борышын өтеген немесе әскери кафедраны, Қорғаныс министрлігінің ЖОО тәмәмдағандар іріктеледі. Сондай-ақ, тепсе темір үзетін, денсаулығы болаттай шымыр болуы керек. Түрлі психологиялық сынақтардан мүдірмей өткені жөн.

 

Бүгінде өмірін әскери қызметпен байланыстыруға 300-ге тарта солтүстікқазақстандық тілек білдіріпті.

 

Жеңіс Ермұқанов