Білім

Техникалық-гуманитарлық колледжде жаңа оқу құралдары сатып алынды

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде жаңа оқу жылына бәрі дайын. Мына бөлмеде жөндеумен ғана шектелмей, оқытуға арналған жаңа құрал-жабдық та орнатылған. Мұнда машинаның оталдыру жүйесін көруге болады. Егер оқытушы көліктің сынып тұрған жері бар десе, оны студент осыдан тауып алуы қажет.

 

Евгений Степаненко, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы:

-Студент жігіттер жаңа оқу жылының басталғанын асыға күтуде. Өйткені, бұл құрал оларды қатты қызықтырды. Енді, тек қағазда жазып-сызып қана қоймай, іс жүзінде де тәжірибе жинақтайтын болды. Ал, бұл оқыту барысында аса маңызды.

 

Мұнда инжекторлық қозғалтқыштың құрылысын жақсы танып алуға болады. Евгений Степаненко жаңа аспапты теориялық сабақты түсіндіру барысында жиі қолданамын деп отыр. Құрылғының әрбіреуінің құны шамамен 1 млн. теңгеден. Бұлай қаржы жұмсау орынды дейді оқу орнының директоры Александр Мерк. Өйткені, мұнда дуалдық оқыту жүйесі енгізілуде.

 

Александр Мерк, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры:

-Ең басты тапсырма – маман теориялық біліммен қатар тәжірибені де меңгеруі қажет. Біз қазіргі уақытта бұған ерекше басымдық берудеміз.

 

Мұнда тағы бір кабинет жабдықталған. Компьютер арқылы басқарылатын арнайы станок орнатылыпты. Осыған ұқсастары зауыттарда да бар. Ол оператордың реттеуімен қажетті затты бұрғылап береді.

 

Евгений Ковалев, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы:

-Студент бағдарлама құрады. Оны компьютерге енгізгеннен кейін машина іске кірісіп кетеді.

 

Мұнда дәнекерлеушілердің оқуына да ерекше көңіл бөлінеді. Темірді пісірудің алдында олар арнайы үлгімен жаттығады. 10 млн. теңге жұмсалған жаңа техника бүгінде оқу жоспарына енгізілген. Ол үшін білім ордасында тәжірибелік сабақтар мен зертханалық жұмыстар саны көбейтілді.

 

Данаш Хамзина