Салық басқармасы

Тамыздың 15-не дейін салық декларациясын тапсыру керек

Облыс орталығындағы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қазынаға міндетті салық төлемдерін аударуға бір-ақ апта қалды. Меншік құқығындағы мүлік өтемдері, әлеуметтік жарналардың есебі тамыздың 15-не дейін қабылданады.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

– Бұл 200-ші жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларациясы, және шетелдіктерге арналған 210 форма, қосылған құн салық декларациясы. Сондай-ақ қысқартылған 910 декларация. Ойын бизнес салығы мен тіркелген салық декларациясы.

 

Сондай-ақ, белгіленген мерзімде табиғатты пайдалануға қатысты мағлұмдаманы толтыру керек. Бұл есеп түрлерін үйден шықпай-ақ ғаламтор арқылы салық комитетінің сайтында тапсыруға болады.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

– Салық кодексінің 71-бабына сәйкес электрондық төлеуші есепті ұсыну мерзімін ұзарта алады. Ол үшін тіркеу есебінің орны бойынша салық органына өтініш тапсырылады. Бірақ, бұл салық төлемі мерзімін өзгертпейді. Криптографиялық кілтті уақытында өзгертіп тұруды сұраймыз. Ол үш жылға беріледі.

 

Уақыттан кеш қалғандарға ескерту жасалады. Егер де оған құлақ аспай, бір жылдың ішінде заңды елемеушілік қайталанса, әкімшілік жаза қолданылады. Жеке кәсіпкерлер – 30, заңды тұлғалар 45 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді.

 

Жеңіс Ермұқанов