Спорт

Спорт ардагері Жамбыл Тасеменовтың құрметіне арналған жарыс

Спорт ардагері Жамбыл Тасеменовтың құрметіне арналған бұл жарыс осымен 9 жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Барлығы – 18 команда. Ел балуандарымен қатар ресейліктер де өзара күш сынастырмақ. Боз кілемде 200-ге тарта палуан 10 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі.

 

Дүбірлі додада палуандар ортаға күрестің үш түрі бойынша шықты. Еркін күресте алғашқылардың бірі болып жерлесіміз Нұрбек Жүрбеков ресейлік балуанмен кездесті. Ол қарсыласын ұтымды әдіс-амалдың арқасында бірінші минуттарда-ақ жығып салды.

Грек рим күресінен Маңғыстау облысынан үш жігіт келген екен. Аяқ алыстары жаман емес. Самат Сауырбаев бұған дейін үш рет белдесіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Осы жолы да қарсыласын қас-қағым сәтте алып ұрып, таза жеңіске жетті.

Дүбірлі дода екі күнге жалғасады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

 

Біржан Қойшыбаев