Без категории

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешеніне – 5 жыл

 

 

Мұрағаттағы құжаттарға сүйенсек, бұл жерде Абылай ханның үйі, кеңсе, монша және қонақтарға арналған бөлме 1765 жылы салынған екен. Өрт болған кезде 4 ғимарат жанып кеткен соң, сол орынға әскери аурухана тұрғызылған. Ал, 5 жыл бұрын бұл жерде мұражай кешені ашылды. Яғни, резиденцияның бұрынғы ғимараты қайта қалпына келтірілген.

 

Динара Жайсенбаева, “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің экскурсия жүргізушісі:

– Екінші Екатеринаның бұйрығымен одан сыйлық ретінде Абылай ханның үйі салынған болатын. Ғимарат ағаштан тұрғызылып, бір ғана қабаттан тұрған. Және ғимараттың ішінде 4 бөлме болған.

 

Ал, қалпына келтірілгеннен кейін екінші қабатында мұражай орналастырылды. Ол үлкен 4 залдан тұрады. Біріншісі Абылай ханның балалық шағынан сыр шертеді. Екіншісі – ханның жатын бөмесі, ал қалғандары Абылайдың басқаруын сипаттайтын жәдігерлерге толып тұр.

 

– Мұражайға бірнеше рет келіп тұрамын. Әр келген сайын, мұндағы тарихи жәдігерлерді алғаш көргендей боламын. Сондай қызықты, маған қатты ұнайды.

 

Жаз мезгілінде мұражай кешеніне шетел азаматтары көп келеді екен. Олар мына кітапқа өз алғыстарын білдіріп, қол таңбаларын қалдырған. Бұл кітаптың бетін ашқанда, алғыс сөздер ағылшынша, немісше, қытайша да жазылыпты. Айта кету керек, құрметті қонақтардың арасында Елбасы, Мәжіліс депутаттары мен өзге мемлекет елшілерінің қолтаңбалары бар.

 

Бану Ахметова