Петропавлда екі бірдей мекемеге “мина” қойылды

Құқық қорғау органдары

14:24 9 Тамыз 2013

Белгісіз біреу тамыздың 8-і сағат 16-дан 54 минут кеткенде Петропавлдағы Халыққа қызмет көрсету орталығы мен темір жол вокзалына бомба қойылды деп хабарлаған. Бірден аталған жерге тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер, дәрігерлер, “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімінің жауынгерлері мен кинологтар жетіп барады. 130-дан астам адам қауіпсіз аймаққа шығарылғаннан кейін мамандар ғимараттардың іші-сыртын қарауға кіріседі. Шын мәнісінде бәрін дүрліктірген бомба деген болмай шықты. Қазір жалған ақпарат берген адам іздестіріліп жатыр. Бұл – осымен жыл басынан бергі 5-ші факті. Бұған дейінгі істердің барлығы бірден ашылды. Ішкі істер департаменті бұлай өтірік ақпарат бергені үшін ҚР ҚК 242-ші бабы бойынша 200-ден 500 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде айыппұл салынады немесе жеті айға дейiн бас бостандығын шектеу, бұдан қалды, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары қолданылуы мүмкін екенін ескертеді.

Данаш Хамзина

Бұдан әрі оқыңыз

Жалған ақша жасағандарға қатысты сот үкімі шықты
Адамды соғып, ізін суытты
Скутер тізгіндегендер тексерілді
Мамлюткада көлік суға түсіп кетті
Өткен жылы полиция қатары 80 жас маманмен толыққан
Жемқорлыққа жол жоқ
Мамлют ауданының тұрғынынан 200 литр ішімдік тәркіленді
Полиция қызметкерлері марапатталды
26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен күрес күні
“Газель” автокөлігі “Джон дир” тракторына соғылды
Биыл СҚО-да 5 лауазымды тұлға жемқорлықпен ұсталған
Маусымның 23-і – отандық полиция күні