ТКШ

Су сапасы – басты назарда

 

«Есіл су» кәсіпорны – алғаш болып сапа менеджменті жүйесін енгізген мекемелердің бірі. Мұнда 2010 жылдан басқарудың жаңа тетіктері қолданылып келеді. Осының арқасында сапа көрсеткіштері біршама артқан. Бүгінгі күнде бұл жерде 700-ге тарта жұмысшы қызмет атқаруда.

 

Серік Исмаилов, «Қазсушар» РМК «Есіл су» филиалының директоры:

– 2011 жылы алғашқы нәтижесін көре бастадық. Электр қуатына кететін шығын үнемделіп, су құбырларында апаттық жағдайлар азайды. «Алтын сапа» республикалық конкурсына қатысып президент әкімшілігінен алғыс жарияланды. Қазіргі уақытта осы бағытты жетілдіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

 

Осындай жиындардың арқасында «Есіл су» кәсіпорнының қызметкерлеріне сапа менеджментінің негізі үйретіледі. Бұл жүйе еңбек адамының біліктілігін арттыруға бағытталған. Тіршілік көзі талапқа сай болу үшін әр сағат сайын судың құрамы тексеріліп тұрады.

 

Ержан Абуев, Соколовка ӨУ 1-РЭУ бастығы:

-Бұл жаңашылдық өз жемісін беруде. Барлық олқылықтар журналға жазылады. Осының арқасында мәселе ұмыт қалмай, уақытында шешіледі. Бұның бәрі тұтынушыларға қызметімізді үздіксіз таратудың қамында жасалып жатыр.

 

Сапа менедменті жүйесін өндіріске кірістіруді 3 жыл бұрын академик Иван Кендюх қолға алған болатын.

 

Иван Кендюх, академик, экономика ғылымдарының докторы:

-Біз 2010 жылы сапа менеджменті жүйесін алғаш рет оқытуды бастадық. Оны жұмысымызға қосу үшін келісім жасастық. Кейін арнайы аудитор мамандарын дайындадық Бұл – заман талабы.

 

Су сапасының жоғары болуы – басты назарда.

 

Иван Кендюх, академик, экономика ғылымдарының докторы:

-Бұл – стратегиялық маңызы бар аса өзекті мәселе. Сөздің шыны керек судың сапасы жыл санап төмендеп барады. Аталған жаңашылдықсыз таза ауыз суды сапаландыру мүмкін емес.

 

Ендігі мақсат нормативтік шығынды азайтып, энергия үнемдеу бағдарламасына көшу.

 

Біржан Қойшыбаев