ТЖ

Бизнес құрылымдарындағы өрт қауіпсіздігін тексеру

 

Жиында кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігін сақтауға байланысты жиі тексеру бизнестің дамуына кері әсерін тигізеді делінді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаментінің жанынан құрылған Қоғамдық кеңес бұл мәселені мықтап қолға алған. Нәтиже бар. Мәселен, өткен жылы осылай 455 нысан тексерілсе, биыл тек 281-і ғана қаралған. Заңнама жетілдірілу үстінде. Айта кету керек, лицензияланған барлық іс түріне шешім шығару жойылды.

 

Нұрлан Атығаев, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

– Аталған заңнама жеке кәсіпкерлікті нормативтік-құқықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ, әкімшілік қысымды төмендетуді көздейді. Құжат жетілдіріліп, ондағы нормалар жеңілдетілді.

 

Сонымен қатар, өрт сөндірушілер өңір прокурорларымен де бірлесіп тексеріс жүргізеді екен. Нәтижесінде қарапайым ережелердің бұзылуының қайталана беретіндігі байқалған.

 

Арслан Хұсайынов, СҚО ТЖД кадрлық жұмыс бойынша бөлімінің бастығы:

– Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – әкімшілік кедергілерді азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту.

 

Жыл басынан бері Петропавлда бақылаудағы нысандарда 24 өрт оқиғасы тіркелген. Одан келген шығын көлемі 7 млн. 200 теңгені құрайды. Алдағы уақытта мұндай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін құтқарушылар кәсіпкерлер өрт қауіпсіздігінің ережесін сақтауға баса мән берулері керек дейді.

 

Бану Ахметова