Құқық қорғау органдары

Солтүстікқазақстандықтардың әкімшілік айыппұлдар бойынша қарызы 200 млн. теңгеге жеткен

 

Бұл – Қопай көшесіндегі 506- үй. Осы баспананың 2 тұрғынына да әкімшілік айыппұл салынған. Олар ащы суды ішіп алып, қоғамдық орындарда тәртіп бұзыпты. Қазір әрбіреуінің мойнында 3 236 теңгеден қарызы бар. Сот орындаушылары олардың берешектері жайлы ескерту үшін келді.

Бұдан кейін осы көшедегі 342-үйдің де есігі қағылды. Бұл баспананың тұрғыны ішімдік ішкені үшін 2 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның қарызын қоса есептегенде 5 мың теңгеге жуықтайды. Егер де борышкерлер әкімшілік айыппұлды дер кезінде төлемесе, басқа шара қолдануға тура келеді дейді сот орындаушылары. Бүгінде департаментте тек әкімшілік айыппұлдарға қатысты сомасы 195 млн 863 мың теңгені құрайтын 26 576 істі атқару керек. Сот орындаушылары осындай рейдтерге алдағы уақытта жиі шығып тұрамыз дейді. “Борышкерлерден әкімшілік айыппұлды өндіріп алу” акциясы тамыздың 17-сіне дейін жалғасады.

 

Бану Ахметова