Құқық қорғау органдары

Петропавлда жарты жылда 400-ге жуық пәтерге ұры түскен

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ұры пәтерге үй иелері демалысқа кеткен кезде түседі екен. Бөтеннің мүлкін қолды етуге әуестер арам пиғылдарын сағат таңғы 9-дан кешкі 6 аралығында жүзеге асыратын көрінеді. Қас-қағым сәтте қолға іліккенді алып, баспананы тазалап шығады. Жыл басынан бері осындай 305 факті тіркелген. Көбіне есікті бұзып немесе құлыпты таңдау арқылы сан соқтырып кетеді.

Иван Гугняк, Петропавл қалалық ІІБ мүліктік қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы:

-Өз мүліктерін сақтап қалғысы келетіндер жалпақ қытай кілттерін қолданбағаны жөн. Оны машықтанған ұрылар 2-ақ секундта ашады. Облыс тұрғындарына мынадай кілттері бар құлыптарды орнатуды ұсынар едім. Себебі бұл сапалы үлгілердің қырсырлары көп болғандықтан ашу оңайға соқпайды.

Сондай-ақ пәтер тонауды кәсіп еткен ұрыларға терезе арқылы кіру де түк емес.

Иван Гугняк ,Петропавл қалалық ІІБ мүліктік қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы:

-Көбіне ұрылар пәтерлер мен кеңселерге еніп, зергерлік бұйымдар мен ақшаны қолды етеді. Тіпті сейфтерді ішіндегісімен бірге алып кету фактілері де кездеседі. Осыған байланысты дүкен иелеріне ғимаратқа пластикалық терезелерді орнатудан аулақ болсын деп кеңес береміз. Сондай-ақ, міндетті түрде күзетші болсын.

 

Жедел уәкілдердің айтуы бойынша тырнақтап жиған мүлікті баукеспелерден сақтап қалу үшін бірнеше құлыпты есік пен бейнебақылау камераларын орнатқан жөн. Сонымен бірге пәтер бірінші не соңғы қабатта орналасса терезелерге темір тор орнату керек, ұрылармен күресте көршілермен жақсы қарым-қатынастың да маңызы зор.

Жеңіс Ермұқанов