ТКШ

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті жартыжылдықты қорытындылады

 

Нелли Бабакехян, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаменті директорының орынбасары:

– Заңнаманың сақталуын бақылау және тұтынушылар құқығын бұзуға жол бермеу мақсатында 3 тексеру жүргіздік. 8 іс сотқа беріліп, олардың барлығы департамент пайдасына шешілді. 7 әкімшілік іс қозғалып, 800 мың теңгеге жуық сомаға айыппұл салынды.

 

Жарты жыл ішінде Департамент табиғи монополиялар субъектілеріне заңнамадағы олқылықтарды жою жөнінде 21 ұсыныс жазған. Шара барысында тұтынушылар мен табиғи монополияларды реттеу агенттігі субъектілерінің арасында туындайтын мәселелер де талқыға салынды.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

-Көбіне тұрғындар коммуналдық қызмет ақысы қалай төленетіндігін, анықтамаларды қайдан алып, тарифтер қалай өзгеретіндігін білмей жатады. Қазіргі күні монополистер солардың барлығын ашып айтады. Әсіресе техникалық қызметтердің мәселелері қалай шешілетіндігін білмейді. Осындай куздесулер соны шешуге септеседі.

 

Жиын барысында айтылған ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетін болады.

 

Мағжан Ахмадина