Спорт

Республикалық велокөпкүндік

Қостанай қаласынан келген мына жасөспірімнің әкесі кезінде осы спорт түрінен республикалық веложарыстарға қатысқан екен. Қазір ағасы да Қазақстан құрамасының қатарында дүбірлі додаларда ел намысын қорғап жүр. Даниил Марухин спорттың осы түріне қызығушылығым жыл сайын артып келеді дейді. Ол – қазірдің өзінде спорт шеберлігіне үміткер

 

Даниил Марухин, жарысқа қатысушы, Қостанай қаласы:

-Біз бұл жарысқа команда болып жақсы дайындалып келдік. Мен бүгін жаттықтырушының сенімін ақтап, жекелей сында 2-ші орын алдым. Алда 4 күн бар. Сайыс кезеңдерінде әлі де ашыла түсуге мүмкіндігім зор.

 

Жарысқа Батыс, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастары қатысуда. Арасында теріскейдің жігіттері де бар. Сайыстың бірінші кезеңінде спортшылар командалық және жекелей сында бақ сынасты. Үздіктер ел құрамасына іріктеледі.

 

Владимир Парахин, жарыстың бас төрешісі:

-Бүгінше, ең мықты 3 құраманы жинаған ұпайларына қарап алға шығарамыз. Ал, жекелей сында жылдамдығына уақыттарын есептеп даралайтын боламыз.

 

Бүгінде Петропавлда велосипед спортымен 18 жасқа дейінгі 300-ге жуық жасөспірім шұғылданады. Соның бірі – Вадим Пролубников. Ол әзірге, оның жекелей сындағы нәтижесі жаман емес.

 

Вадим Пролубников, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Командамыз бүгін жақсы жүріп өтті. Өте жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойламап едік. Енді, бұл бізге алдағы жарыстарға жақсы серпін беретін болады.

 

Ертең 13 – 14 жастағы спортшылар жекелей сында жарысқа түсетін болады. Ал, бүрсүгіні бәсеке Алексей Мартыновичтің туған жері  Элитное селосында өтеді.

 

Берік Қасен