Қайырымдылық

Республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Балаларын оқуға дайындап, қажетті құрал-жабдықтарды сайлаған ата-анада дамыл жоқ. Тұрмыс қауқары төмен мына балалар үшін бүгін күтпеген тосын сый. «Мектепке жол» шарасының аясында қалалық № 4 орта мектептің бір топ оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді. Ал, өнерлі оқушылар өз кезегінде қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Сондықтан да оқушылардың сапалы білім алулары үшін барлық жағдайды жасау керек. Ал аталмыш шараның аясында барлығы 35 оқушы сыйлықтарға ие болды. Қалам, дәптер, түрлі-түсті бояуларға толы сөмкелерді алған бүлдіршіндердің жүздерінде күлкі. Әркім өз қуанышын әрқилы жеткізді.  Бүгінде №4 қалалық мектептегі оқушы саны – 688. Биыл мұнда тұңғыш рет қазақ тілінде оқитын 1-ші сынып ашылады.

 

Біржан Қойшыбаев