ТЖ

Құтқарушылар әулеті

 

Өмірінің 25 жылын тілсіз жаумен күреске арнаған ержүрек жандардың бірі- Нұртас Шайкин. Ол Отан алдындағы азаматтық борышын атқарып келісімен еңбек жолын өрт сөндіру бөлімінде бастаған екен. Қатардағы жауынгерден полковник шеніне дейін көтеріліп, құрмет демалысына шыққан. Бірақ әлі күнге дейін өрт сөндіру бөлімдеріне барып, таудай тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Әке көрген оқ жонар демекші, әкесінің игі жолын баласы Әсет жалғастырған. Оның бұл салаға бет бұруына бала кезінен бастап өрт сөндірушілердің арасында өсуі сеп болған. Әсет мектеп бітірісімен Көкшетау техникалық  институтына түседі. Оқуын 2008 жылы ойдағыдай аяқтап, өрт сөндіру басқармасының бірыңғай диспетчерлік қызметіне орналасады. Өз жұмысында шешілуі қиын сұрақтар туғанда әрқашан әкемнің көмегіне жүгінемін дейді.

 

Әсет Шайкин, СҚО ТЖД Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің жедел кезекшісі:

Әкем маған ылғи кеңестер беріп, қолдау көрсетеді. Білмей жатқан мәселелерімді бірге шешуге тырысамыз.

 

Әсем Хамзина да әке жолын қуып, осы қызметті таңдаған. Өрт сөндіру бөлімінің заңгері болып бастаған ол бірнеше жауапты қызметтерді атқарыпты. Ерлердің жұмысын ерінбей атқарып жүрген Әсем – бүгінде өз ісінің шебері. Нұртас Шайкин Қызылжар аудандық №13 өрт сөндіру бөліміне біраз жылдар бойы басшылық еткен. Талай жыл тіресе жұмыс істеген әріптестері әлі күнге дейін ағаларымен ақылдасады.  Жауапты істі үлкен абыроймен атқару бұл отбасы үшін игі дәстүрге айналған.

 

Біржан Қойшыбаев