Қоғам

«Үміт -2013» көрме-байқауы

Анна Малыхина сурет салумен осы мекемеде айналыса бастаған. Көбіне табиғатты бейнелеуді ұнататын ол өткен жылғы байқауда 3-ші орынды иеленіпті. Бұл жолы көрмеде 10-ға жуық картинасын ұсынып отыр.

 

Анна Малыхина, жазасын өтеуші:

Мекемеде ұйымдастырылатын сурет үйірмесіне қатысамын. Қолым бос уақытта әртүрлі тақырыптарға сурет салғанды ұнатамын. Жаңа әдістерін үйренгім келеді.

 

Мұндай көрме-байқау түзеу мекемесінде 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылғы сайысқа 5 адам қатысуда.

 

Рафаэль Аблеев, ЕС 164/6 мекемесі тәрбие ісі жөніндегі бөлімінің бастығы:

Мекемеде шығармашыл жандар көп. Олар осы байқауға қатысу үшін дайындығын жыл басынан пысықтады. Бүгін міне үздік деп танылған 50 жұмыс қойылып отыр. Оның ішінде қолөнер бұйымдары, қылқалам туындылары да бар.

 

Қазылар алқасының назарын, әсіресе, Анна Малыхинаның туындылары баурап алған. Мамандар оның ерекше құлшынысын атап өтуде.

 

Валентина Воробьева, облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары, қазылар алқасының мүшесі:

– Жазасын өтеушілердің туындылары көрермен назарын айрықша аударады. Әсіресе, Анна Малыхинаның жұмысы көңілімізден шықты. Өйткені, оның суреттерінен бас бостандығынан айрылған жанның өкінішін, бостандықты, еркіндікті аңсауын көруге болады.

 

Суретшілер арасында 1-ші орынды Анна Малыхина жеңіп алса, қолөнер бұйымдары бойынша Ирина Овчинникова озып шықты. Енді олар байқаудың облыстық кезеңінде мекеме намысын қорғайтын болады.

 

Мағжан Ахмадина